қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Күзембаева Бақыт Мырқайқызы

Күзембаева Бақыт Мырқайқызы

 

Кузембаева Бахыт Мыркаевна - Студенттер кеңсесі жетекшісі.

1991 жылы «Олигофренопедагогика» мамандығы бойынша Абай атындағы ҚазПИ бітірді;

2002 жылы «Психология» мамандығы бойынша Қыздар педагогикалық университетін бітірді;

2008 жылы НАРХОЗ университетінде Экономика және бизнес бакалавры атанды;

2012 жылы НАРХОЗ университетінде Экономика ғылымдарының магистрі атанды.

1991 жылдан бастап балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеді;

2005-2017 жылдар аралығында НАРХОЗ университетінде әдіскер, қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары, факультет деканының орынбасары, білім алушылардың жеке істерін жүргізу және статистика бөлімінің бастығы қызметінде жұмыс істеді;

2017-2020 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-да Стратегия және даму департаментінің маманы, Мансап орталығының бастығы, Тіркеу кеңсесінің бастығы қызметінде жұмыс жасады;

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Студенттер кеңсесінің жетекшісі қызметін атқарады.

 


← Вернуться назад