
О нас | Главная /
Косов Владимир Николаевич
Косов Владимир Николаевич
Косов Владимир Николаевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (2025), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (2024), Қазақстан Жоғары мектеп ұлттық ғылым академиясының академигі (2017), Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі (2008).
1979–1984 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін бітірген. 1989 жылы «Кейбір үшкомпонентті газ қоспаларындағы диффузиялық орнықсыздық және диффузияның тиімді коэффициенттері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (Мәскеу, КСРО). 1998 жылы «Изотермиялық үшкомпонентті газ қоспаларындағы диффузиялық орнықтылық және концентрациялық конвекция» тақырыбында докторлық диссертация қорғады (Екатеринбург, РФ). 1991 жылдан бастап Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушылық қызмет атқарып келеді. Осы оқу орнында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2000–2005 және 2008–2017 жылдары – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, 2005–2008 жылдары – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор қызметін атқарды. 2017–2018 жылдары ҚазҰПУ-дың қолданбалы зерттеулер және функционалдық технологиялар орталығының директоры болды. 2018 жылғы қыркүйектен бастап физика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми қызығушылық салалары: газдардың диффузиясы, қоспалардың тасымалдау қасиеттері, конвективтік орнықтылық пен турбуленттілік, энергия үнемдеу технологиялары. В.Н. Косовтың жетекшілігімен Қазақстанда көпкомпонентті орталардағы диффузия мен конвективтік орнықсыздықты зерттеуге байланысты ғылыми бағыт дамып келеді. Көпкомпонентті тасымалдау бойынша зерттеу нәтижелері қоршаған ортаға экологиялық жүктемені азайтуға бағытталған технологияларда қолданудың инновациялық болашағына ие, бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының ұлттық басымдықтарына сәйкес келеді. 2017 жылы ол «Көмірсутекті газ қоспасын бөлуге арналған құрылғы» атты авторлық жобасын Астана қаласында өткен дүниежүзілік EXPO «Жаратушы энергия» көрмесінде «Қазақстан» ұлттық павильонында ұсынды. В.Н.Косовтың ғылыми зерттеулері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің (ҚР ҒЖБМ) жобалары, сондай-ақ Еуропалық Одақтың ғылыми-білім беру ұйымдарының (DAAD, Tempus, Erasmus+) аясында жүзеге асырылуда.
В.Н.Косов 2002 және 2006 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (ҚР БҒМ) физика-математика ғылымдары саласында ғылым мен техниканың дамуына аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері болды. 2017 жылы ҚР БҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды. Әр жылдары ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «Физика және энергетика» сараптау кеңесінің төрағасы, әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған жұмыстарды сараптамалық-талдамалық бағалау бойынша физика-математика және техникалық ғылымдар секциясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі (секция «Энергетика және машина жасау») қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта Қазақстан Физиктер қоғамының басқарма мүшесі, шетелдік мамандандырылған ғылыми журналдардың редакциялық алқасының құрамында. В.Н.Косов халықаралық білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аккредиттеу агенттігі «НААР/IAAR»-дың 1-санаттағы сарапшысы болып табылады.
Профессор В.Н.Косов 350-ден астам ғылыми мақала, 4 монография және 15 патент (соның ішінде 1 халықаралық), жоғары оқу орындарына арналған 2 оқулық жариялады. Өзінің ғылыми мектебі бар. Оның жетекшілігімен 2 физика-математика ғылымдарының докторы, 8 физика-математика және педагогика ғылымдарының кандидаты, 4 философия докторы (8D05302 – Физика) дайындалды.
Профессор В.Н.Косов марапаттары:
Мемлекеттік наградалары: «ҚҰРМЕТ» ордені (2022), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі (2021). Академиялар мен халықаралық ғылыми қоғамдардың ғылыми наградалары: Кембридж Халықаралық Биографиялық Орталығының (UK) «Жылуфизика саласындағы ғылыми жетістіктері үшін» медалі (2007), ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА-ның «Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы» медалі (2024). ← Вернуться назад |
|
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Приемная комиссия/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|