қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Қарибаев Олжас Омарұлы

Қарибаев Олжас Омарұлы

 

Қысқаша өмірбаяны


Олжас Омарұлы Қарибаев 1988 жылы 11 наурызда Алматы қаласында туған. Ұлты-қазақ. 2005 жылы Б. Момышұлы атындағы 131-мектеп лицейін бітірген.
2005 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетіне "050709-Металлургия" мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқу кезінде факультеттің студенттік өміріне белсенді қатысуға тырысты. Студент кезінде жастар мен студенттердің бірқатар республикалық форумдарына қатысты. Таэквондодан университет құрамасының мүшесі болды. 2009 жылы университетті бітірді.
2010 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетіне "5В030100-Құқықтану"мамандығы бойынша екінші жоғары білім алуға түсті. 2012 жылы университетті бітіріп, бакалавр дәрежесін алды.
2017 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің магистратура бөліміне оқуға түскен. 2019 жылы магистратураны бітіріп, гуманитарлық ғылымдар магистрі ғылыми дәрежесін алды.
2019 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де, Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында оқытушылық қызмет атқарады.

 

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ

Инженер-техник бакалавры

2009 г.

ЖГТУ

Құқықтанушы бакалавр

2012 г.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

2019 г.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Магистр

Гуманитарлық ғылымдар

2019 г.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ
- Мәдениеттану
- Көшбасшылық: тиімді басқарудың дағдылары


ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ
1. Исламдық ілімдердің Қазақ философиясына әсерлері // «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ философиясының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция» материалдары. - Алматы: Қазақ университеті, 19 қаңтар, 2019 ж..
2. Ислам - Ұлы Дала халықтарының діни бірегейлігін қалыптастырудың негізі // «Рухани жаңғыру» концепті идеясын жүзеге асыру аясындағы «Ұлы Дала халқының діни бірегейлігі қалыптасуының рухани қырлары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. - Алматы: ҚР БҒМ ҒА, 20 ақпан, 2019 ж.
3. Қазақстан Республикасының дін саласындағы саясаты //. Хабаршы. «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ. - 2019. - №1(65).-145-151 б.
4. Abay Kunanbayev`in Pedagojik Yaklaşımı Üzerine Bir İnceleme// ISPEC 4 халықаралық әлеуметтік және адам ғылымдары конгресі, 12-14 маусым 2020, Анкара, ISPEC институты
5. DİL VE KÜLTÜR İLİŞKİSİ // IV замануи ғылымдар халықаралық конгресі. 26-28 маусым 2020, Әзербайжан, Баку, Хазар университеті


← Вернуться назад