О нас | Главная /
Қасқатаева Бахыткүл Рахымжанқызы
Қасқатаева Бахыткүл Рахымжанқызы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ Қасқатаева Бахыткүл Рахымжанқызы Қостанай облысы Қостанай ауданы Ақсу ауылында 1946 жылы 17 мамырда дүниеге келген. 1963 жылы Қостанай қаласындағы Ыбрай Алтынсарин атындағы №1 мектеп-интернатты, 1968 жылы Алматы қаласы Аль-Фараби атындағы ҚазМУ механика-математика факультетінің математика бөлімін бітірді. 1968-1974 жж. Қостанай облысында математика пәнінің мұғалімі болып, 1975-2000 жж. Ы. Алтынсарин атындағы АрПИ -де доцент, кафедра мегерушісі болып қызмет істеген. 2000-2012 ж.ж.аралығында Қазмемқызпуда доцент, профессор қызметтерін атқарған. 2011-2014 ж.ж. Абай атындағы ҚазҰПУде Магистратура және докторантура институтында профессор қызметін атқарған. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында жұмыс істейді. Б.Р. Қасқатаева 1997 жылы «Болашақ мұғалімдерді оқушылардың математикалық қабілеттерін дамытуға дайындау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, 2000 жылы доцент атағын алған. 2009 жылы « Болашақ математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Бақыткүл Рахымжанқызы 2007 және 2018 жылдары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» болды.
БІЛІМ БЕРУ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕР (тізбе бойынша дайындық деңгейлері) Бакалавриат: Математиканы оқыту әдістемесі - 2 тілде. Математикалық анализ - 2 тілде.; Функционалдық анализ; Элементарлық математика:Геометрия; Аналитикалық геометрия. Магистратура: Математикадан мәтінді есептерді шығарудың қолданбалы аспектілері; Математикалық сауаттылық негіздері; Математиканы оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері; Математикадан экстремумге берілген қолданбалы есептерді шешу әдістемесі.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕР Зерттеу тақырыптары: орта және жоғары мектептерде математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі; болашақ математика мұғалімдерінің негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру. Жарияланымдар саны: жүз отыз ғылыми еңбек, оның ішінде 7 оқу құралы, 6 әдістемелік нұсқау, 2 типтік оқу бағдарламасы, 3 монография. Біз ең маңыздыларын көрсетеміз: 1. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. - Алматы.- 2018. -304 б 2. Болашақ математика мұғалімдерінің зерттеушілік құзырлығын қалыптастыру. Монография - Алматы, 2019 - 139 б. (ағылшын тілінде) 3. Болашақ математика мұғалімдерінің әдістемелік құзырлығын қалыптастыру. Монография - Алматы, 2021 - 166 б. (ағылшын тілінде) 4. Математикалық моделдеу оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту құралы ретінде. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ХАБАРШЫСЫ №1, 2021. 58-66 б (А. Б. Кокажаева, Ж. Казыбекпен бірлестікте.) 5. Қазіргі білім беруді дамыту контексінде болашақ информатика мұғалімдерін даярлаудағы есептеу информатикасы.// Білім беру технологиялары бойынша Дүниежүзілік журнал: өзекті мәселелер, 13 (4), 994-1015. (2021). (М.Ревшенова М., Г.Камалова т.б. бірлестікте) https://doi.org/10.18844/wjet.v13i4.6293. (ағылшын тілінде)
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|