қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы

Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы

 

Туған күні, туған жері: 06.02.1975 жылы, Алматы облысы

Білімі: 1992-1998  жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті, «Құқықтану» мамандығында бакалавр және магистратура бойынша білім алған.

Ұлты: қазақ

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы: қауымдастырылған профессор

Академиялық атағы: Ұлттық заң академиясының Академигі (2020ж.);

Ғылыми-педагогикалық өтілі: жалпы ғылыми-педагогикалық өтілі 23 жылды құрайды.

Ғылыми жетістіктері:  270 аса ғылыми еңбектер жариялаған. 9 моногрфиясы бар, оның 6 шетелдік баспаларда,  3 ағылшын тілінде жарық көрген. 6 монография Ресей ғылыми дәйексөздеу индексі базасында (РИНЦ) тіркелген.

Бір оқулықтың және үш оқу құралының авторы. Оқу-әдістемелік құралдарының және заң факультеттері үшін базалық курстарға арналған «Нотариат», «Халықаралық жеке құқық», «Азаматтық құқық» сияқты оқу бағдарламаларының авторы болып табылады.

Шетелдік журналдар да, ғылыми метрикалық базаларда Scopus  және Web of Science индекстелетін 51 мақала жариялаған.

Scopus базасындағы Индекс Хирш - 12 WoS базасында- 4 құрайды.

Екі мәрте 2018және 2019 жылы Elsevier-Scopus халықаралық компаниялардың 1st Scopus Award Ceremony рәсімінде «Best Researcher in Social Sciences» номинациясы бойынша әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша ең үздік зерттеуші болып танылды.

2016 жылы Қазақстан мен Орта Азияның жалғыз өкілі Е. А. Бөрібаев халықаралық Нотариат Одағының жеке мүшесі ретінде сайланды  (Uinl, Буэнос-Айрес штаб-пәтері, Аргентина).

2018 жылы ҚР БжҒМ «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

2018 жылы ҚР БжҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» атанды.

2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ «Абай университетіне 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Екі мәрте 2020 жылы және 2021 жылдары Ұлттық рейтинг қорытындысы бойынша ҚР ЖОО ТОП-50 ғалым-оқытушылары қатарына енді.

2020 ж. ҚР Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен ғылым және техниканы дамыту бойынша сіңген еңбегі үшін мемелекеттік ғылыми степендия лауреаты атанды.

 ҚР БжҒМ 17 авторлық құқық объектілеріне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілген.

Ғылыми журналдарға басшылық және мүшелік ету: Абай атындағы ҚазҰПУ «Құқықтану» сериясы бойынша Хабаршының бас редакторы; Украина  Ұлттық Академия құқықтық ғылымдар бойынша Хабаршысының редакциялық алқасының мүшесі (халықаралық Scopus базасына кіреді);  «Ұлттық соттар мектебі» Украина Жоғары соты Хабаршысының редакциялық алқасының мүшесі.

Ғылыми зерттеулерге жетекшілік ету:  «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласын зерттеу», «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері», «Елдің зияткерлік деңгейі» мемлекет үшін басым арнайы мамандандырылған бағыттарда іргелі зерттеулерге қатысты.

Ғылыми жобаларға жетекшілік еткен, 6 жоба бойынша бірлескен жетекші болып табылады:

2012-2013 жж. «Нотариат және нотариаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жаңа баспасын әзірлеу және ұсыну» жобасы.

Тапсырыс беруші және қаржыландырушы - Республикалық нотариаттық палата.

2015-2017 жж. «Қазақстан Республикасындаа жаңа әлеуметтік бағытты іске асыру жағдайында әлеуметтік құқықтарды, отбасы мен баланың кепілдіктерін құқықтық реттеудің сапасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар, ұсыныстар» жобасы.

 (ҚР БжҒМ ғылыми зерттеулерін бюджеттік гранттық қаржыландыру).

2016жж.  «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің нотариаттық жүйелерін зерттеу» жобасы. Тапсырыс беруші және қаржыландырушы - Республикалық нотариаттық палата.

2018-2020 жж. «Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіру процесін құқықтық қамтамасыз ету: жеке адамның еңбек құқықтарын реттеу сапасын арттыру әлеуеті» жобасы.

(ҚР БҒМ ғылыми зерттеулерін бюджеттік гранттық қаржыландыру).

2018-202 жж. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) қатысушы мемлекеттердің тәжірибесі мен стандарттарын имплементациялау контексінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құқықтық реттеуді жаңғырту» жобасы.  (ҚР БжҒМ ғылыми зерттеулерін бюджеттік гранттық қаржыландыру).

2021-2023 жж. «Қазақстандағы адамның әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың сот нысанын жаңғыртудың перспективалары мен мүмкіндіктерін талдау» жобасы. (ҚР БжҒМ ғылыми зерттеулерін бюджеттік гранттық қаржыландыру).

Сараптама жұмыстары: Қазақстан Республикасы Парламентінің азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы халықаралық стандарттарды бекітетін халықаралық шарттарды, келісімдерді ратификациялау туралы актілер жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасының бірқатар қорытындыларының авторы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Республикалық нотариаттық палатаның жұмыс топтарының құрамында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге бірнеше рет тартылған.

 


← Вернуться назад