қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Туреханова Ақмарал Бағдатқызы

Туреханова Ақмарал Бағдатқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ 

1997 жылы 12 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласы №148 мектеп-гимназиясын 2015 жылы алтын белгіге бітірген. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралалық қатынастар және әлем тілдері университетін 2015-2019 жылы үздікке тәмамдайды. Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017-де FISU командалары мен мүшелері делегациялары үшін аудармашы болды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік даярлық Орталығында 2018 жылы өндірістік практикадан өткен.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде магистратура 2019-2021 тәмамдаған. Ресей Федерациясы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясында 2021 жылы ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өткен.

2021 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де жұмыс істейді (магистр, оқытушы). 

 

БІЛІМІ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру жылы

 

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралалық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері)

Білім бакалавры

2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Халықаралық құқық, магистр

2021

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми саласы

Диплом берілген жылы

7М04201-Заң ғылымдарының магистрі

Халықаралық құқық

2021

  

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

Бакалавриатта: практикалық шетел тілі (ағылшын), ілгермелі шетел тілі (ағылшын).

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Отандық және шетелдегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен журнал басылымдарында  - 5 мақаласы (Қазақстан, Ұлыбритания, Жапония), Ресей Федерациясы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясында ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өткен, TESOL/TEFL сертификаты бар.

 


← Вернуться назад