қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Рабилова Зоя Жилгилдыновна

Рабилова Зоя Жилгилдыновна

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Рабилова Зоя Жилгилдыновна 1971 жылы қаңтарда Алматы оьлысында туған. Ұлты-қазақ. Рабилова Зоя Жылгелдіқызы 1988-1993 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) көркемсурет-графика факультетін «бейнелеу өнері, сызу және еңбек» мамандығымен бітірді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 1994 жылдан бері жұмыс істейді.

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2018).

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Педагогика» кафедрасына "13.00.08-Кәсіптік білім берудің теория мен әдістемесі" бойынша педагогика ғылымының ізденушісі ретінде тіркеліп (2006), Ресей Федерациясы, Омск педагогикалық университетінде кандидаттық диссертациясын қорғады (2015).

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы  бақылау комитетінің шешімімен "6D010700-Бейнелеу өнері және сызу" мамандығы бойынша Философия Докторы (PhD) дәрежесі берілді (2019).

Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды (2012-2020).

Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты Дизайн кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды (2020/2021-2021/2022).

2022/2023 оқу жылынан қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ Көркем білім кафедрасының қауымд.профессоры (доцент) м.а.

Өнер, мәдениет және спорт институты академиялық кеңесінің төрайымы (2019-2023).

Бейнелеу өнері, сызу педагогтарын даярлау бойынша Оқу-әдістемелік бірлестік-жобаларын басқару тобы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (УМО-ГУП/РУМС) жетекшісі 

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Абай атындағы ҚазҰПУ

Бейнелеу өнері, сызу және еңбек оқытушысы

1993 ж.

ОмМПУ РФ

13.00.02-оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бейнелеу өнері және сызу) аспирантура п.ғ.к.

2015 ж.

ОмМПУ РФ

13.00.02-оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бейнелеу өнері және сызу) докторантура - п.ғ.д.

2018 ж.

ҚР БҒМ

Философия Докторы (PhD) 6D010700-Бейнелеу өнері және сызу

2019 г.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Доктор (PhD)

Педагогикалық ғылымдар

2019 г.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Арнайы пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі

Кескіндеме (станоктық, пейзаждық, монументалдық)

Композиция

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

1.Көптеген ғылыми мақалалардың (50 мақала, оның ішінде ВАК-11, Scopus-2) мен оқу-әдістемелік басылымдардың(7) және бакалавриат, магистратура, докторантураға білім беру бағдарламаларының авторы. 

2. Пленэрлік практикадан өту процесінде педагогикалық ЖОО студенттерінің кәсіби-шығармашылық қызметін белсендіру/Активизация профессионально-творческой деятельности студентов педагогических вузов в процессе прохождения пленэрной практики;

3. 1-6 сыныптар бойынша «Бейнелеу өнері» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасының және мұғалімдерге арналған әдісемелік нұсқаулық авторы (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ҚР ОАМ, 2023).

 


← Вернуться назад