О нас | Главная /
Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы
Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы
Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы - тарих ғылымдарының докторы (1992), профессор (2007), ҚР ҰҒА академигі (2017). 1953 жылы Қарағанды облысы, Атасу қала типтес поселкесінде дүниеге келген. 1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, «тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1976 жылы Целиноград қаласындағы инженер-құрылыс институтында ассистент қызметінен бастаған. 1977-1979 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент қызметін атқарған. 1979-1993 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында аға лаборант, кіші ғылым қызметкер, аға ғылыми қызметкер, докторант, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Академик Р.Б. Сүлейменовтің шәкірті. 1993-1999 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1999-2009 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессор, кафедра меңгерушісі, «Еуразия» орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2009-2011 жылдар аралығында Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары. 2011-2017 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институттың директоры. 2017-2023 жылға дейін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Рухани жаңғыру» институтының директоры. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан тарихының профессоры. Ғылыми ізденістерінің негізгі бағыттары: ұлт зиялысы мен мәдениетінің тарихы, қазақ мемлекеттілігінің тарихы, тарихи зерттеулер методологиясы, ұлттық идея және Алаш қозғалысы, тәуелсіз Қазақстан тарихы. Еңбектері қазақ, орыс, жапон, қытай, ағылшын, кәріс т.б. тілдерде жарияланған. Ғылыми табыстары: 1000-ға жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар, 15 монография, оқулықтар мен оқу құралдары бар. «Түркі әлемінің көшбасшылары» (2011), «Қазақстан: ұлттық тарих, идея, методология» (2014), «Рухани жаңғыру және ұлттық тарих» (2020), «Қоғам және мемлекет қайраткерлері» (2020), «Қазақ батырлары» (2021) кітаптары жарық көрген. 15 ғылым докторын және 40-тан астам ғылым кандидаттарын дайындады. Абай атындағы ҚазҰПУ (1996-1999) мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (2000-2003) жанында құрылған кандидаттық диссертация қорғататын диссертациялық кеңестердің төрағасы. БҒМ ғылым және білім сапасын қадағалау комитетіндегі «Тарих» ғылымдары бойынша эксперттік кеңес төрағасы (2004-2011). ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссия мүшесі (2005-2018). ХХ ғ. 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша республикалық комиссия мүшесі. Х.Әбжанов ҚР БҒМ «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті атағымен (2003), ҚР БҒМ «Үздік оқытушы» атағының иегері (2009), мерейтойлық медальдар: «Астанаға 10 жыл» (2008), «Астанаға 20 жыл» (2018), «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақ тілінің жанашыры» құрметті атағының иегері. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Ә.Бөкейхан университетінің құрметті профессоры. Моңғолияның «Халықтық революцияға -90» медалімен марапатталған (2013).
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ 1979-1993 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында аға лаборант, кіші ғылым қызметкер, аға ғылыми қызметкер, докторант, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Жарияланымдар: 1000-ға жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар, 15 монография, оқулықтар мен оқу құралдары бар 15 ғылым докторын және 40-тан астам ғылым кандидаттарын дайындады.
Марапаттары: ҚР БҒМ «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті атағымен (2003) Медальдар: «Астанаға 10 жыл» (2008)
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|