О нас | Главная /
Рахметова Райгүл Сәдуақасқызы
Рахметова Райгүл Сәдуақасқызы
Қысқаша өмірбаяны Рахметова Райгүл Сәдуақасқызы 1967 жылы Семей облысы Ұржар ауданы 1-Май ауылында туған. Ұлты-қазақ. 1984 жылы Егінсу орта мектебін бітірген. 1984 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1988 жылы бітірген. Біліктілігі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алматы қаласы №74 орта мектепте мұғалім, Алматы қаласы №1 педагогикалық коллежде, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында, ҚазмемҚызПИ-де оқытушы, аға оқытушы қызметін атқарды. 2002 жылдан осы уақытқа дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының докторы. 2002 жылы «8-сыныпта сөз тіркесі синтаксисін оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертация, 2010 жылы «Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту (жоо филолог мамандары үшін)» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІҚазақ тілін оқыту әдістемесі
1. Қазақ тілін деңгейлік оқытудың ғылыми-методологиялық негіздері: монография. - Алматы: Әрекет-Принт, 2012 (авт.бір). 2. Қазақ тілі синтаксисі: коммуникативтік-танымдық аспект: моногарфия. - Алматы: Ұлағат, ҚазҰПУ, 2014. 3. Тілді оқыту: интеграциялық білім мен интеллектуалдық тұлға қалыптастырудың сабақтастығы: монография. - Алматы: Нурай Принт Сервис, 2014 (авт.бір). 4. Communicative-cognitive paradigm in methods of teaching the Kazakh Language: монография. Almaty: Roza, 2017. 5. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: оқулық. Жоо-ға арналған. - Қарағанды: «Medet Group» ЖШС. - 2016 (авт.бір). 6. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі: оқу құралы. - Алматы, 2020. 7. Қазақ тілі. (Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған) "Атамұра" баспасы. Астана, 2017. 8. Қазақ тілі мен әдебиеті: Оқулық.- Алматы: Көкжиек-Горизонт. 2016/2017/2018/2019 (1-11 сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен авторларының бірі). 9. The audiovisual translation of social media texts: New trends and analysis.- XLinguae. - 2022. Vol. 15, Iss. 2. - P. 164-172. 10. Pedagogical foundations of teaching ethnocultural units in the education system. Cypriot Journal of Educational Sciences. - 2022. Vol. 17, Iss. 3. - P. 691-701
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|