қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Касен Ерлан Сламбекұлы

Касен Ерлан Сламбекұлы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Касенов Ерлан Сламбекұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология институты, академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  қауымдастырылған профессоры м.а..  Филология ғылымдарының кандидаты.

Касенов Ерлан Сламбекұлы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. Жезқазған қаласындағы № 9 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып қызмет істеген.

2004-2006 жылдары Республикалық «Білім ЛТД» басылым компаниясының жауапты хатшысы, осы компанияға қарасты «Қазақ және әлем әдебиеті» журналының, «Республика ұстаздары» газетінің тілшісі, Бас редакторы қызметтерін атқарған.

2007-2019 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметін атқарған. Осы уақытта «Қазақ тілінің стилистикасы», «Стилистика және тіл мәдениеті», «Лингвистикалық терминдер теориясы», «Когнитивтік лингвистика», «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» сияқты пәндерден дәріс оқып, семинар сабақтар жүргізген.

2010 жылы «І.Жансүгіров поэзиясының қатысымдық және танымдық табиғаты» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2013 жылы «Тілдің қатысымдық және танымдық табиғаты» тақырыбындағы монографиясы жарық көрген. Ғылыми еңбектерінің жалпы саны - 110-ға жуық.

2019-2022 жылдары Филология институты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылдан С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. қызметін атқарып келеді.

 

БІЛІМІ

Бітірген оқу орны

Квалификация

Бітірген жылы

О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

1998 жыл

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми бағыты

Дипломының берілген күні

Филология ғылымдарының кандидаты

Шифр 10.02.02 - Қазақ тілі

30 06 2011 жыл

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағының атауы

Берілген  күні

Қауымдастырылған профессор м.а. (доцент)

2020 жыл

 

ОҚЫТУ ПӘНДЕРІ

1. «Стилистика»

2. «Қазақ тілінің стилистикасы және оны оқыту»

3. «Әдеби тіл»

4. «Академиялық жазылым»


ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ 

1. «Тілдің қатысымдық және танымдық табиғаты» (І.Жансүгіров поэзиясының тілі бойынша). Монография. - Алматы: Ғылым ордасы, 2013. - 248 бет.

2. Кәсіби филолог маман даярлау барысында латын графикасын игерудің әдіснамасы (әдістемелік нұсқаулық). - Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2014. - 124 б.(Авторлық бірлестікте)

3. Тілші және әдебиетші ұстаз-ғалымдар: Биобиблиографиялық анықтамалық / Құрастырғандар: Ф. Ш. Оразбаева, Ф. Ж. Абдразахова, Е.С.Қасенов, Т. А. Оспанов, Ж. А. Қоқанова, Е. Т. Оспанов. - Алматы: Ан-Арыс, 2009 ж. - 344 б.

4. Лингвокогнитивные свойства концепта «одиночество» в поэзии Ильяса Жансугурова // Материалы VІІІ Международной научно-практической интернет-конференции «Тенденции и перспективы развития науки и образования в условиях глобализации», 30-31 октября 2015 г. Украина, г.Переяслав-Хмельницкий, «Переяслав-Хмельницкий государственный педагогический университетимени Григория Сковороды, 2015 г. - 462-465 бб.

5. Language Units Expressing the Notion of Degree or Quantity on Turkic Monuments. Opción, Año 35, Especial No.20 (2019): 1590-1620.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТТАҒЫ ЕҢБЕКТЕРІ 

1. Қазақ тілі: Тіл-Орда. Дидактикалық материал: Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған. / Ф.Ш.Оразбаева, Р.С.Рахметова, Е.С.Қасенов. - Алматы: «Көкжиек-Горизонт» баспасы, 2015. - 56 бет.

2. Қазақ тілі: Тіл-Орда. Оқулық: Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған. 2-бөлім. / Ф.Ш.Оразбаева, А.Қ.Рауандина, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.С.Рахметова, Е.С.Қасенов. - Алматы: «Көкжиек-Горизонт» баспасы, 2015. - 120 бет.

3. Қазақ тілі: Тіл-Орда. Оқулық: Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған. 1-бөлім. / Ф.Ш.Оразбаева, А.Қ.Рауандина, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.С.Рахметова, Е.С.Қасенов. - Алматы: «Көкжиек-Горизонт» баспасы, 2016. - 114 бет.

4. Қазақ тілі: Тілашар. Лексикалық минимум: Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған. 1-бөлім. / Ф.Ш.Оразбаева, А.Қ.Рауандина, Е.С.Қасенов, Д.Ж.Нұрсейтов. - Алматы: «Көкжиек-Горизонт» баспасы, 2016. - 50 бет.

5. Язык и культура - взаимосвязанная целостная система // Межвузовский сборник научных трудов «Язык. Речь. Речевая деятельность». - 2012. выпуск 13. - Нижний Новгород: Нижегородский государственный лингвистический университет им. Н.А.Добролюбова, 2012. - 28 - 32 б.

 

МАРАПАТТАРЫ 

1. Университеттің дамуына үлес қосқаны үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Абай атындағы ҚазҰПУ, 13.12.2018.

 


← Вернуться назад