қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.12.2019

Латынграфикалы қазақ жазуы: әліпби және емле ережесі

 

2019 жылдың 18 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Латын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Латынграфикалы қазақ жазуы: әліпби және емле ережесі» тақырыбында ойталқы-конференция өтті.

 

Конференция барысында Нағима Ілиясова, Майра Жүнісова, Ақбота Қоңырова, Бижомарт Қапалбек, Назира Әміржанова секілді тілші-ғалымдар баяндама оқыды.

 

Конференция қазіргі кездегі латын негізді әліпби мен емленің басты мәселелерін сөз ете келіп, оларды іске асырудың жолдарын талқыға салды. Латынәліпбилі жазуды жаңаша оқытудың әдістері, оларды білімалушыларға меңгертудің жолдары қарастырылды. Латын графикасына негізделген қазақ жазуына орфографиялық талдаулар жасалып, қазақ жазуын жаңғыртудың және қоғамға жеткізудің тиімді жолдарын жетілдіру мақсаттары жүзеге асырылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Филология және көптілді білім беру инcтитуты