қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.12.2019

PGCE бірыңғай бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының отырысы

 

2019 жылдың 23 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде педагогтың кәсіби қызметіне қол жеткізу мақсатында қайта даярлау курсының (PGCE) бірыңғай бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

 

Отырысқа Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, № 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі, сонымен қатар онлайн режимде - Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті қатысты. Іс-шара барысында курстың бірыңғай бағдарламасын әзірлеу бойынша Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, Назарбаев зияткерлік мектептері, Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Ж. Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжі ұсыныстар берді.

 

Жоба мазмұны қызу талқылаудан өтті, барлық ұсыныстар қайта даярлау курсының (PGCE) бағдарламасында ескерілетін болады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

    

 

РОӘК ОӘБ