қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.12.2019

 

 

Құрметті әріптестер! Қымбатты студенттер!

 

Сіздерді келе жатқан 2020 жылмен құттықтаймын!

 

Біздің әрқайсымыз үшін Жаңа жыл - бұл жылылықтың, шынайылықтың, барлық жаңалықтың бастамасы. Бұл барлық қуанышымызбен бөлісіп, өткен жылдың қорытындысын шығарып, болашаққа арналған жоспарларымызды айқындайтын кезең.

 

2019 жыл Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бүкіл ұжымының жемісті жұмысымен ерекшеленді. QS World University Ranking рейтингісіне сәйкес біздің университет 561 орынға ие болды, қазақстандық университеттер арасында 4-ші орынға ие болды (481, 5 - 2019). QS Emerging Europe & Central Asia (EECA) әлемдік рейтингісінде 105 орынды иеленіп, Қазақстанның үздік 10 жоғары оқу орындарының қатарына кірді. Еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары арасында Абай атындағы ҚазҰПУ 1-ші орынды иеленді. Әлемдік университеттердің Webometrics Ranking of World Universities рейтингісінде 2019 жылдың қаңтар айындағы мәліметтерге сәйкес, біз Қазақстан Республикасының педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 1-ші орынға және қазақстандық университеттер арасында 4-ші орынға ие болдық (15 - 2018). Web of Science рейтингісінде ҚазҰПУ дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 1-ші орында. Өткен жыл жеңістер жылы, қиын мақсаттарға қол жеткізу және шын мәніндегі маңызды жетістіктер жылы болды. Студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу, педагогикалық және спорттық қызметтегі жетістіктері бұған дәлел бола алады.

 

Университет - Қазақстан Республикасы педагогикалық жоғары оқу орындары арасында ұлттық және халықаралық рейтингтердің көшбасшысы. Абай атындағы ҚазҰПУ отандық және шетелдік университеттермен белсенді қарым-қатынасты жалғастырып, маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Біздің ортақ жетістіктеріміз - гранттар, оқытушылар мен студенттердің сайыстарындағы жеңістер, білім беру бағдарламаларын мойындау, маңызды халықаралық конференциялар өткізу, жаңа серіктестер. Мұның бәрі сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің, білімдеріңіздің және тәжірибелеріңіздің арқасында мүмкін болып отыр. Мен ғылымдағы жетістіктерімізді де атап өткім келеді. Біз Қазақстан Республикасының педагогикалық университеттері арасында соңғы 5 жылда Web of Science Соге Collection бойынша ғылыми жарияланымдар бойынша алда келеміз.

 

2020 жылы жоғары оқу орны қызметінің барлық салаларында, бірінші кезекте білім беру, ғылым, корпоративтік мәдениет, кадр және жастар саясатында көп жұмыстар атқаруымыз керек. Президентіміздің Жолдауын, Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, 2018-2025 жылдарға арналған университеттің Даму стратегиясын іске асыруға барлық күш-жігерді жұмылдыру қажет.

 

Құрметті әріптестер! Бізді бір мақсат - өз университетіміздің тағдыры үшін жауапкершілік біріктіреді. Жаңа жыл мерекесі баршамызға таңғажайып көңіл-күйге бөлеп, болашаққа деген үміт отын тұтатып, биік белестерге жетелей берсін.

 

Жаңа жыл қарсаңында мен барлық әріптестеріме, профессор-оқытушылар құрамына, студенттер мен қызметкерлерге шығармашылық жұмыстары, университетке адалдығы және біздің барлық істеріміз бен бастамаларымызға белсене атсалысқандары үшін алғысымды білдіремін.

 

Сіздерге жарқын кәсіби табыс, жаңа жеңістер мен жетістіктер, шығармашылық шабыт, зор денсаулық, қуаныш пен бақыт, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!

 

 

Құрметпен,

ректор Такир Балықбаев