қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.12.2019

«Turnitin» бағдарламасының ерекшеліктері мен қолдану ережелері жөніндегі вебинар

 

2019 жылдың 27 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Академиядық мәселелер жөніндегі департаменті «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен бірлесе университеттің оқытушыларына, докторанттарына және магистранттарына «Turnitin» бағдарламасының ерекшеліктері мен қолдану ережелері жөнінде вебинар өткізді.

 

Вебинар ағылшын тілінде өткендіктен Филология және көптілді білім беру институтының оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Азамат Абдуллаев түсіндіру жұмыстарын ағылшын-қазақ тілінде жүргізді. Вебинарға барлық институт директорларының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасарлары (профессор Заир Уалиев, аға оқытушы Алмас Найманбаев, аға оқытушы Багдат Мажинов) және институт докторанттары мен магистранттарын қосқында 37 қызметкер қатысты.