қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.01.2020

 

«2019 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегерлері


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары «2019 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды:

- педагогика ғылымдарының докторы, профессор Амирова Амина Слямхановна;

-  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жампеисова Корлан Кабыкеновна;

- заң ғылымдарының докторы, профессор Хамзина Жанна Амангельдиевна;   

- тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Далаева Тенлик Токтарбековна;

- педагогика ғылымдарының кандидаты, кауымдастырылған профессор Исабаева Даража Нагашибаевна;

- PhD доктор, аға оқытушы Байшемиров Жарасбек Дуйсембекович.


Оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмыстарының сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Олар: оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу, қатысу және басып шығару, кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттың бар болуы және т.б.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жеңімпаздарын мақтан тұтады!

 

 

 Ғылым департаменті