қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.01.2020

Білім беру сапасы мен студент жастарды тәрбиелеу мәселелері талқыланды

 

2020 жылдың 10 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар» Қысқы мектебі аясында екі сессия өтті.

 

Бірінші сессияны университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сатмырзаев ашып, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың стратегиялық дамуы, ішкі аудит және халықаралық стандарттар негізінде ішкі сапа жүйесін дамыту бойынша университеттің тұжырымдамалық құжаттарымен таныстырды.

 

Сессияда университеттің оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Әйгерім Көшербаева «Білім беру сапасын басқару: жаңа философияны іздеу. «ЖОО-мектеп» құрылымындағы сапаны басқару моделі (AbaiUniversity жүйесінде, ЖОО стратегиясы, құрылымдық бөлімшелердің фунциялары, олардың өзара байланысы)» тақырыбында семинар жүргізді.

 

Тыңдаушылар білім сапасын басқару философиясымен, ЖОО стратегиясымен, құрылымдық бөлімшелердің фунцияларымен, олардың өзара байланысымен танысты. Семинарда Педагогика және психология институтының магистранттары сессияға қатысушыларға интерактивті тренинг өткізді. Тыңдаушылар ұсынылған материалдардың өзектілігін атап өтті.

 

Екінші сессия «Студент жастарды тәрбиелеуді жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбына арналды. Сессияны Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі проректоры Жанатбек Ишпекбаев ашты. Университеттің педагогика кафедрасының профессоры Айман Берікханова тәрбие жұмысы бойынша мәселелерге талдау жасады.

 

Институт директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің қызметкерлері мәселелерді талқылауға, оларды шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік алды.