қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.01.2020

«Денсаулық күні 2020» жалпыуниверситеттік қысқы спартакиадасы

 

Университеттің қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, университет ұжымының бірлігін нығайту мақсатында 2020 жылдың 13 қаңтары күні университет қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында «Денсаулық күні 2020» жалпыуниверситеттік қысқы спартакиадасы бастау алды.

 

Спорттық шараға университетіміздің ректораты, 7 институты және әскери кафедрасынан команда жасақталынып, барлығы 400-ге жуық қызметкерлері мен ПОҚ қатысты.

 

Жарыс кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, эстафета, шаңғы жарысы, арқан тарту ойын түрлері бойынша жүргізіліп, жеңімпаздар анықталады.

 

Іс-шараны университет ректоры Такир Балықбаев ашып, барлық командаларға сәттілік тіледі.

 

Спорттық жарыстың жүлде қоры І-ші орын иегерлері - 150 000 теңге , ІІ-ші орын - 120 000 теңге, ІІІ-ші орын - 100 000 тенге қаржылай сыйақы және 7 ойын түрінен «Үздік ойыншылар» 10 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталады.

 

Спорттық доданың Жабылу салтанаты ағымдағы жылдың 15 қаңтары күні сағат 15.00-де М. Әуезов атындағы Спорт кешенінде өтеді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты департаменті