қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.01.2020

«Денсаулық-2020» Қысқы спартакиадасының қорытындысы

 

2020 жылдың 15 қаңтары күні дәстүрлі, жалпыуниверситеттік «Денсаулық-2020» Қысқы спартакиадасының жабылу салтанаты өтті.

 

Шараны Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашып, Спартакиадаға қатысқан барша спортшыларға алғысын білдірді.

 

Одан әрі сөз кезегін қызметкелер кәсіподағы ұйымының төрағасы Мұхтар Ибраймов алып, екі күнге созылған спорттық доданың қызықты да тартысты өткенін тілге тиек етті.

 

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есеп нәтижесінде Математика, физика және информатика институтының командасы 39 ұпаймен ІІІ-ші орынды иеленді. Жеңімпаз команда университет ректорының грамотасымен және 100 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Ректорат командасы 47 ұпаймен ІІ-ші орынды иеленді. Жеңімпаз команда университет ректорының грамотасымен және 120 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Жүлделі І-ші орынды 60 ұпаймен Өнер, мәдениет және спорт институтының командасы қанжығасына байлады. Жеңімпаз команда университет ректорының грамотасымен және 150 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

«Үздік ойыншы» номинациясымен: арқан тарту ойыны бойынша Ректорат командасының ойыншысы Нұрлан Серикбаев, волейбол ойыны бойынша Жаратылыстану және география институтының ойыншысы Қуандық Мусаев, Үстел теннисі бойынша Тарих және құқық институтының ойыншысы Олжас Карибаев, кіші футбол ойыны Өнер, мәдениет және спорт институтының ойыншысы Нұржан Төлегенұлы, шаңғы тебу ойыны бойынша Филология және көптілді білім беру институтының ойыншысы Ерлан Самбетов, шахмат ойыны бойынша Сорбонна-Қазақстан институтының ойыншысы Саят Изеев, эстафета ойыны бойынша Педагогика және психология институтының ойыншысы Даулен Идрисов университет ректорының алғыс хатымен және барлық номинанттар 10 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Сонымен қатар, Спартакиада ойындарына төрешілік еткен Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 21 оқытушысына университет ректорының алғыс хаты және әрбіріне 10 000 теңге көлемінде сертификат табысталды.

 

Спартакиаданың ұйымдастырылуына атсалысқан барлық құрылымдық бөлімшелерге университет ректорының алғыс хаты табысталды.

 

Жаңа жылдың басында спорт пен салауатты өмір салтын дәріптейтін спорттық жарыс барша қатысушыларды жігерлендіріп, ұжымдық бірлігін нығайта түсті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты департаменті