қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.01.2020

Сырттай оқитын студенттер үшін мұражайға экскурсия

 

2020 жылдың 14 қаңтарында Өнер, мәдениет және спорт институтының «Көркем білім» кафедрасының «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының сырттай бөлімінің 3-ші курс студенттеріне ҚР мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты - болашақ бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылық әлеуетін арттыру, жоғары эстетикалық талғам қалыптастыру және мәдени құндылықтарды отандық және шетелдік суретшілердің жұмыстары арқылы насихаттау. Экскурсияны топ жетекшісі Базар Ырыстанұлы ұйымдастырып, шығармашылық жұмыстармен таныстырды.

 

Студенттер ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды бейнелейтін көркемөнер бұйымдары мен суретшілердің туындыларын үлкен қызығушылықпен зерттеді, олардың жұмысының стильдері туралы ақпарат алды.

 

   

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы