қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.01.2016

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының Қытай халық республикасы Шинжяң ұйғыр автономиялық аймағының «Нар жолы» халықаралық сауда серіктестігі мүшелерімен кездесуі

2016 жылдың 20 қаңтар күні Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы жоспрдан тыс Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Алматы облыстық филиалы қолдауымен Қытай Халық Республикасы, Шинжяң қаласындағы «Нар жолы» халықаралық сауда серіктестік мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуге «Нар жолы» халықаралық сауда серіктестік басшысы Жарқын Исахан мырза өзімен бірге Қазақстан жерін таныстыру мақсатында Қытайдың қазақ мектеп балдырғандарын бірге алып келді. 305 «Елтану» аудиториясында бастау алған кездесу ғимаратымыздың акт залында жалғасын тапты. Кафедрамыздың меңгерушісі С.Б.Бегалиева, сонымен қатар оқытушылар құрамынан Т.Ж.Тоқтарова, Т.Т.Айтказина, И.Е. Есіркепова сөз сөйлеп, келген қонақтарға кафедрамыз туралы, кафедрадаға оқып жүрген шетел студенттері мен оларға қойылатын талаптар және бізде білім алу үшін келетін студенттермен жасалатын келісім шарттар туралы баяндап, қонақтардың қойған сұрақтарына жауап беріп өтті.
Кездесуге Шинжяңның Құлжа, Алтай, Қарамай, Күнес, ШиХу қалаларынан келген өнерпаз балдырғандары өз өнерлерін көрсетіп, бізді таң қалдырды.
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Алматы облыстық филиалы жетекшісі Жайнақов Дамир Асқарәліұлы мырза Елбасымыз басқарып отырған кауымдастықтың басты мақсаты да осы шетелдерде жүрген қандастарымызды елімізге оралту екендігін баса айтып сөз сөйледі.
Сонымен қатар бізде оқып жатқан шетел студенттері университетіміз бен кафедрамыз туралы оз ойларын білдіріп, ұйымдастырушы мырзаларға осындай өнерлі балдырғандармен кездесуге мүмкіндік жасағандары үшін алғыстарын білдірді.
Кездесу соңында бір-бірімізге алғысымызды білдіріп,естелік ретінде келген қонақтармен суретке түсіп, ары қарай серіктестігіміздің жалғасуын тілеп, мектеп балдырғандарын болашақта біздің оқу ордамызда білім алуға шақырдық.

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы