қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.11.2017

 

Хабарландыру

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін 6D011300 - Биология мамандығы бойынша ізденуші Салыбекова Нурдана Нуртаевнаның «Болашақ педагог мамандардың көкөністерді зақымдайтын саңырауқұлақтарды зерттеушілік біліктігін қалыптастырудың әдістемесі» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.

Диссертациялық жұмыс Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде дайындалды.

Қорғау тілі: қазақ тілінде

Ғылыми кеңесшілері:

Кужантаева Женис Жунисбековна - биология ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті биология кафедрасының профессоры.

Шілдебаев Жұмаділ Байділдаұлы - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ботаника және жалпы биология кафедрасының профессоры.

Есин Басым - PhD доктор, Акдениз университетінің профессоры (Түркия).

Рецензенттер:

Нурушева Ажар Мухитовна - биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҒК «Ботаника және фито жерсіндіру институты» РМК -нің жетекші ғылыми қызметкері.

Жұмағұлова Қалампыр Әбжаппарқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясы кафедрасының доценті.

Диссертацияны қорғау 2017 жылдың желтоқсан айының 13 жұлдызында сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 6D010000 - «Білім беру (жаратылыстану ғылымдары)» бойынша Диссертациялық кеңесте өтеді.

 

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86 үй, 415 ауд.

e-mail: www.kaznpu.kz@mail.ru


Аңдатпа 3 тілде (орыс,қазақ және ағылшын тілдерінде)

Ғылыми жарияланымдар тізімі


Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба