қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.02.2020

Webometrics 2020 рейтингі: Абай университетінің сайты алғашқы жетілікке енді!

 

2020 жылдың қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Laboratorio de Internet зертханасының сайтында жарияланған «Webometrics Ranking of World Universities» жаңа рейтингісінің нәтижелері бойынша (2020.1.) 121 қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 7-ші (!) орынды, әлем университеттері арасында 6022 -ші орынды иеленді. Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындары арасында Абай атындағы ҚазҰПУ сайты 1-ші орын алды!

 

Сонымен, біздің университет көрстеткішін төрт позицияға жақсартып, еліміздің үздік университеттерінің ТОП-7 қатарына кірді (2019 жылдың шілде айында -11-ші орында болды).

 

Webometrics жобасының мақсаты - университеттерге ғылыми жетістіктерді жариялауға және оларды халықаралық аудиторияға ұсынуға көмектесу. Рейтинг әлемдік білім беру мекемелерінің ең беделді веб-рейтингтерінің бірі болып саналады.

 

Университеттер төрт көрсеткіш бойынша бағаланды:

Қатысу (PRESENCE) - Google-да индекстелген университеттің негізгі доменінде орналасқан веб-беттер саны. Барлық файл түрлері ескеріледі.

Көріну (VISIBILITY) - университеттің веб-беттеріне сілтемелер келетін сыртқы домендердің саны. Ақпарат көздері - ahrefs және Majestic сілтемелердің мониторинг жүйелері.

Айқындық және ашықтық (TRANSPARENCY or OPENNESS) - Google Scholar Citations деректері бойынша университеттің ең танымал (көп сілтеме жасалатын) зерттеушілеріне сілтемелер саны.

Басымдық (EXCELLENCE) - Scopus Scientificometric жүйесімен индекстелген жарияланымдарға жан-жақты талдау жүргізетін SCImago зерттеу тобының мәліметтері бойынша, 26 ғылыми бағыттағы ең көп дәйексөзделген жұмыстардың 10% тобына енген бес жылдық кезеңдегі ғылыми жарияланымдардың саны.