қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.02.2020

«Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» декадасы

 

«Өзін-өзі тану» - бұл студент жастардың бейімделуіне, болашақ педагог тұлғасы ретінде жүректе және санада рухани-адамгершілік өзгеруіне ықпал ететін негізгі қадам болып табылады.

 

Осының негізінде Қазақстандағы еріктілер жылы аясында, 2020 жылдың 3 ақпанында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен, университетте және №1 Алматы облыстық балалар үйінде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы, «Бөбек» балалар қорының негізін қалаушы және президенті, Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Назарбаеваның туылған күніне орай «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» декаданың салтанатты ашылуы өтті.

 

Декаданың мақсаты - рухани-адамгершілік құндылықтар көзі ретінде қоғамдық сананы жаңғыртуға негізделген Сара Алпысқызы Назарбаеваның шығармашылығының мәнін ашу.

 

Декаданың міндеттері - адамзатты рухани дамытудағы С.А. Назарбаеваның адамгершілік идеалдары мәні туралы терең ұғымдарын кеңейту; ерікті-студенттерді ой, сөз, іс бірлігінде ар-ұжданмен өмір сүруге ұмтылу жауапкершіліктеріне тәрбиелеу.

 

Декаданы іске асырудың практикалық жемісі оның құрылымын балалар мен жастардың рухани-адамгершілік өсуін, кәсіби оқыту және ынтымақтастықта үдіксіз режимді құруға мүмкіндік беретін үш кезеңде жасауға ықпал етеді. Ол - «Жүректен жүрекке», «Құндылықтар тәжірибесі» тағыда - «Жүректен жүрекке».

 

№1 облыстық балалар үйінің тәрбие жұмысы мен барлық іс-шаралардың мазмұнына сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша білім беруді жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту және енгізу. Мерекелік Сүйіспеншілік пен Мейірімділік шеңбері және ойын тренингтер балаларға да, студент-волонтерлерге де күшті қуат берді және іс-шараның әрбір қатысушысын оңтайлы ашу және оларда байланыс орнатуды жолға қоюға ықпал етті.

 

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» декаданың жаңа форматы балаларды жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлауға арналған.

 

Шара аясында С.Н.Назарбаеваның қызметіне арналған «Алтын жүрек» тәрбие сағаттары, «Жанымызда әрқашан күн сөнбесін!» әңгімелеу сабақтары, «Сен - Мейірімді періштесің», қайырымдылық акциясы, «Мейірімді фильм», «Шын жүректен» бенефис және «Құндылықтар сау денеде гүлденеді» спорттық-сауықтыру конкурсы өткізілетін болады.

 

Декаданың алғашқы күндерінің өзінде-ақ балалар үйінің тәрбиеленушілері, әсерлерімен бөлісті, мейірімді қатынасы мен тамаша ойындары үшін, ерікті студенттерге алғыстарын айтты.

 

Олар «Өзін-өзі тану» - пәні бұл бірлесіп ақиқатты іздеу уақыты, өмір сүру мағынасынан сабақ алу, адамның мінез-құлқының өзегі болатынын түсінді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» Еріктілер клубы