қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.02.2020

Жоғары және орта оқу орындарында білім беру бағдарламаларын сәйкестендіру


2020 жылдың 19 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 29 желтоқсанындағы Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес, Математика, Физика және информатика институтында «ЖОО және орта білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламаларын сәйкестендіру» мәселесі бойынша мәжіліс өтті.

 

Мәжіліске Математика, физика және информатика институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шерипидин Хамраев, профессор-оқытушылар құрамы және орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты. Мәжіліс барысында қазіргі таңдағы білім бағдарламаларына қатысты мәселелер қозғалып, ұсыныстар айтылды. Математика, физика және информатика институтының директоры Мұрат Бекпатшаев ұсыныстар бойынша алдағы уақытта жұмыс атқарылатынын мәлімдеді.

 

   

 

«Мансап» орталығы