қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.02.2020

Жаңаша форматтағы іс-шара

 

2020 жылдың 27 ақпанында университетіміздің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті мен «ALQA Foundation» Халықаралық мәдениет қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласының жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тақырыбында постерлік баяндамалар конкурсы болып өтті.

 

Аталған шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын, аудармашы, Қазақстаның халық жазушысы Олжас Сүлейменов пен мәдениеттанушы-ғалым, дипломат Мұрат Әуезов, Қазақстан-Американдық еркін университеті «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының профессоры Рональд Уайли, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор, «Ақ жауын» мемлекеттік оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Секен Тұрысбеков арнайы қонақ ретінде қатысты.

 

Постерлік баяндамалар конкурсын ашқан университетіміздің ректоры Такир Балықбаев бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, жастарымызға тәлімі мол осындай форматтағы шаралар оқу орнымызда жыл соңына дейін жалғасын табатындығын атап өтті.

 

Сондай-ақ мерекелік шарада сөз алған Олжас Сүлейменов пен Мұрат Әуезов жаңа форматта ұйымдастырылып отырған бұл бастамаға ризашылықтарын білдіріп, студент-жастарымызға шығармашылық шабыт сыйлайтынын айтты. Бұл баяндамалық конкурсқа Алматы қаласының жоғары оқу орындарынан 70-тен аса баяндамалар түсіп, оның ішінен үздік деп танылған 32 жұмыс иелері өзара бақ сынады.

 

Постерлік баяндамалар сайысының нәтижесінде техникалық жоғары оқу орындары студенттерінің арасында: І-орынды Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2-ші курс студенті Айдын Қорабай иеленді. ІІ-орынды Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының «Юриспруденция» мамандығының 2-ші курс студенті Максим Васин иеленсе, ІІІ-орынды Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті «Менеджмент» мамандығының 2-ші курс студенті Закир Кадирбаев алды.

 

Филологиялық мамандықтар бойынша: І-орынды Сүлейман Демирел атындағы университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-ші курс студенті Әбілда Аяулым, ІІ-орынды Абай атындағы ҚазҰПУ «Филология» мамандығының 2-ші курс студенті Нұрлыбек Бағыт, ІІІ-орынды Сүлейман Демирел атындағы университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-ші курс студенті Томирис Аралбай, «Филология» мамандығының 2-ші курс студенті Ертай Біләлов, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-ші курс студенті Жұлдыз Жұмаәділ иеленді.

 

Магистранттар бойынша: І-орынға Абай атындағы ҚазҰПУ «Әдебиеттану» мамандығының 2-ші курс магистранты Маралбек Базылбеков, ІІ-орынға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-ші курс студенті Айдана Ибраймова, ІІІ-орыға Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Топырақтану және агрохимия» мамандығының 1-ші курс студенті Айнұр Мақсұт, Әл ҚазҰУ «Әдебиеттану» мамандығының 2-ші курс магистранты Аманбай Қадір арнайы жүлделі орындармен марапатталды. Содай-ақ Филолгия және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазйұлы бүгінгі сайыста ерекше көзге түскен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенті Аяужан Садырбековаға Ректордың арнайы жүлдесі мен Сүлейман Демирел университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Жібек Зинеловаға Қордың жүлдесін табыс етті.

 

Іс-шара соңында әділ қазылар алқасының төрағасы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жеткеші ғылыми қызметкері Төре Қыдыр конкурсқа қатысқан барлық жас ізденушілерге алғысын айтты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім