қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.03.2020

Б. Әбдірайым және А. Нурланмен кездесу

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Жастар ісі жөніндегі комитет және «Зере» қыздар клубының бірлесе ұйымдастыруымен қазақ эстрадасының жұлдызы, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Ақ пен Қара» кітабының авторы, әнші, университетіміздің түлегі Бағлан Әбдірайымовпен «Өмір кемеңнің капитаны өзіңсің!» тақырыбында кездесу өтті. Шараның тағы бір қонағы қазақ шешендер клубының директоры, «Дебат шоу» және «Janart» клубтарының негізін қалаушы Алмас Нұрлан болды.

 

Кездесуді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Дилдабек Дидарбек ашып, кездесуге келген кеш қонақтарына алғысын білдіріп, осындай іс- шаралардың жастардың рухани дамуы үшін маңыздылығын атап өтті .

Бағлан Әбдірайымов қазақтардың жеке басына тән қасиеттер мен құндылықтар туралы айтып, сәтсіздікті жеңу мен табысқа жетудің жеке тәжірибесімен, сондай-ақ шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Алмас Нұрлан студенттерді үнемі өзін-өзі дамытуға және өзінің мәдени-білім деңгейін арттыруға шақырып, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың негізгі принциптері туралы әңгімеледі. Кездесу барысында студенттер өздеріне қызықты сауалдарын қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.


Шара соңында «Зере» клубының жетекшісі Алтынгүл Тұрмұханова қонақтарға алғысын білдіріп, оларға университет жастары атынан естелік сыйлықтар табыс етті.


Өз кезегінде Бағлан Әбдірайымов шарда белсенділік танытқан қатысушыға «Ақ пен Қара» мотивациялық мазмұндағы кітабын сыйға тартып, жастардың келешегі кемел, болашағы жарқын боларына сенім артып, кездесуді ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Жастар ісі жөніндегі комитет