қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.03.2020

Сертификат табыстау


2020 жылдың 5 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Білімді дамытудың 2020-2025 бағдарламасын жүзеге асыру» жобасы аясында Жаратылыстану және география институтының «5В011300 - Биология» мамандығы бойынша білім алатын 4-ші курс студенттеріне Learningapps, Plickers, Kahoot, Quizlet, Nobbok платформаларын үйретуге бағытталған «Пайдалы платформа» тақырыбындағы 36-сағаттық семинардың сертификаты табысталды.


Бұл Жоба Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2019 жылдың 20 ақпаны мен 2020 жылдың 5 наурызы аралығында «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өтті. Семинарды Алматы қаласы НЗМ мұғалімі Абеу Нұркелді жүргізді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы