қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.03.2020

Қонақтар сессиясында инклюзивті білім беру бойынша тәжірибе алмасу өтті

 

   

 

2020 жылғы 11 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ-да Назарбаев университетінің Қосымша білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева және профессор Filiz Polat қатысуымен инклюзивті білім беру бойынша тәжірибе алмасу аясында қонақты сессия өтті. Сессия модераторы Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР ЖОО инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры Зульфия Мовкебаева сөз сөйледі, арнайы педагогика бағытындағы оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.

 

Кездесуге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы, Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Ашық әлем» және «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығы қоғамдық қорларының өкілдері қатысты.

 

Сессия жұмысы барысында профессор Filiz Polat инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибесімен бөлісті, бейнеролик көрсетті және сессия қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.

 

   

 

   

 

   

 

    

 

Білім беру бағдарламаларын жобалау департаменті