қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.03.2020

Ақын-импровизатор Ринат Заитовтың шеберлік сыныбы өтті


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың О. Досбосынов атындағы жас ақындар орталығында белгілі ақын және мәдениет қайраткері Ринат Зайтовтың тәжірибе алмасу және студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында шеберлік сыныбы өтті. Қонақ өзінің тәжірибесімен және шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Жас ақындар көкейдегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасу болды.


Шеберлік сынып Ринат пен О. Досбосынов атындағы орталықтың жас айтыскерлерінің айтысына жалғасты. Іс-шара барысында профессор Темірхан Тебегенов ақын Ринат Зайтовқа және О. Досбосынов атындағы орталығына шараның өтуіне ұйытқы болғаны үшін алғысын білдірді. Кездесуді түйіндеген орталық директоры, айтыскер ақын Шұғайып Сезімханұлы белгілі жазба және айтыс ақындармен шеберлік сыныптар жалғасын табатынын айтты.

 

   

 

   

 

Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындар орталығы