
Негізгі бет
Жаңалықтар
29.02.2016
Қара шаңырақта «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы насихатталды Орталық сайлау комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес еліміздегі саяси партиялар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Биыл сайлауға қатысатын 6 саяси партияның көшбасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» партиясы тұр. Бүгінде 60 мыңнан астам мүшесі бар «Нұр Отан» партиясының тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесін дамытуда, әлеуметтік және экономикалық әлеуетін көтеруде маңызы зор. Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы бағдарламасын қолдаушылар биылғы сайлаудың маңыздылығын, мемлекет пен қоғамға Ұлт Жоспарынан туындаған мақсаттарға және ел экономикасының дағдарысқа қарсы тұруы жолында атсалысуға мүмкіндік тудыратынын жеткізді. Шара соңында университет студенттері штаб мүшелеріне көкейдегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|