қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.02.2016

Қара шаңырақта «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы насихатталды

Орталық сайлау комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес еліміздегі саяси партиялар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Биыл сайлауға қатысатын 6 саяси партияның көшбасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» партиясы тұр. Бүгінде 60 мыңнан астам мүшесі бар «Нұр Отан» партиясының тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесін дамытуда, әлеуметтік және экономикалық әлеуетін көтеруде маңызы зор.
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде партияның «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы жариялаған болатын. Аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ескеріле отырып әзірленген.
Осы орайда, 2016 жылдың 25 ақпаны күні университетімізде «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдау мақсатында Қалалық қоғамдық штаб мүшелерімен кездесу жиыны өтті. Жиынды университет ректоры Пірәлиев Серік Жайлауұлы ашып, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында келген Алматы қалалық қоғамдық штаб мүшелеріне сөз кезегін берді.Аталған шараға Алматы қалалық сайлауалды штабының мүшесі, «Ғылым ордасы» РМК-нің бас директоры Р.О. Кәрібжанова, Алматы қалалық сайлауалды штабының мүшесі, №30 округ бойынша Алматы қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ә.Ә. Нәбиев, Алматы қалалық сайлауалды штабының мүшесі, Алматы қалалық орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы В.А. Лукашев, Алматы қалалық сайлауалды штабының мүшесі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Е.Қ. Бейсембетов, Алматы қалалық сайлауалды штабының мүшесі, жазушы, журналист С.А. Елубай, Алматы қалалық сайлауалды штабының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы А.Ә. Байзаханов қатысты. 

Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы бағдарламасын қолдаушылар биылғы сайлаудың маңыздылығын, мемлекет пен қоғамға Ұлт Жоспарынан туындаған мақсаттарға және ел экономикасының дағдарысқа қарсы тұруы жолында атсалысуға мүмкіндік тудыратынын жеткізді. Шара соңында университет студенттері штаб мүшелеріне көкейдегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.


Тәрбие жұмысы, жастар саясаты
және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы