қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.04.2020

Вебинар: қашықтан оқытуда түрлі платформаларды қолдану әдістері талқыланды

2020 жылдың 14 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде​ тәжірибе алмасу мақсатында ресейлік әріптестердің қатысуымен «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың​ Қазақстандық-ресейлік​ тәжірибесі»​ онлайн-вебинар өтті.

 

Вебинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев, Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Николай Пак, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің Цифрлық білім беру институтының білімді ақпараттандыру кафедрасының доценті Александр Гришкун, сондай-ақ университеттің қашықтан оқытуға жауапты құрылымдық бөлімшелердің, институттар мен кафедраларының басшылары қатысты.

Іс-шара барысында қашықтан оқыту курстары мазмұнының сапасын қамтамасыз ету, түрлі платформаларда (Zoom, Google Hangouts, BigBlueButton және т.б.) онлайн-бейнеконференцияларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар мамандар білім беру курстарының STEM қашықтан оқыту әдістерімен бөлісті.

Вебинар жұмысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдилдина, Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы директорының орынбасары Данияр Бидайбеков,​ STEM-парк директоры Бектас Бостанов баяндама жасады.

Іс-шара қатысушылары пікірлерімен және тәжірибесімен белсенді бөлісті. Вебинар тиімді өтті.

 

   

 

   


Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім