қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.04.2020

«Шоу «Mask Go...» ​ онлайн-байқауының қорытындысы шығарылды

 

Университет ректоры Т. Балықбаевтың қолдауымен жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында 2020​ жылдың 10-26 сәуір күндері аралығында Жастар ісі жөніндегі комитет пен «Зере» қыздар клубының ұйымдастыруымен @kazupu_zhastary инстаграм парақшасында «Шоу «Mask Go...»​ онлайн-байқауы жүргізілді. Байқау​ шарты бойынша студенттер елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты үй жағдайында медициналық маска тігіп, жұмыс барысын видеоға түсіріп жолдайды.

 

Байқауға университетіміздің барлық иснтитуттарынан он саусағынан бал тамған​ 9 шебер ару-қыздарымыз қатысып, бақ сынасты! Атап айтсақ:

1. Қайыржанова Гүлдана​ - Жаратылыстану және география институтының​ 3 курс студенті

2. Мәлікқызы Әсем -Жаратылыстану және география институтының 1 курс студенті

3. Рахманова Тілектес -​ Жаратылыстану және география институтының 1 курс студенті

4. Қайлулин Береке -​ Педагогика және психология институтының 1 курс студенті

5. Аманкелдинова Наргиз - Педагогика және психология иснтитутының 3 курс студенті

6. Есенгелді Томирис - Педагогика және психология институтының 3 курс студенті

7. Қален Гүлсая - филология және көптілді білім беру институтының 1 курс студенті

8. Тынымбай Бибіфатима - өнер, мәдениет және спорт институтының 3 курс студенті

9. Ділдәбекқызы Сандуғаш- Өнер, мәдениет және спорт институтының 4 курс студенті сынды студенттер өздері қалаған креативпен ерекше маскалар тігіп, көпшілік назарына ұсынды.

 

Байқау шарты бойынша ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні сағат 00.00-де байқау тоқтатылып, байқауда ең көп​ қаралым мен лүпіл жинаған қатысушы анықталды.


Байқау қорытындысы бойынша:

III​ -ші​ орынға Филология және көптілді білім беру институтының Қален Гүлсая ие болса, II-ші орынды Педагогика​ және психология институтының 1 курс студенті Қайлулин Береке жеңіп алды. Ал байқаудың I-ші орыны - Өнер, мәдениет және спорт институтының 3 курс студенті Тынымбай Бибіфатимаға бұйырды.

 

Сонымен қатар I-ші орын​ иегері 20 000​ тг.​ қаржылай сыйақымен және университет ректорының арнайы дипломымен марапатталады. Ал II және III орын иегерлері университет ректорының арнайы дипломымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

 

Барлық жеңімпаздар алдағы уақытта еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін міндетті түрде​ марапатталатын болады!