қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.04.2020

ҚР БҒМ жоғары оқу орындарының баспасөз хатшыларымен онлайн-кездесу өткізді

 


 

2020 жылдың 29 сәуірінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі еліміздің ЖОО-ның баспасөз хатшыларымен онлайн-кездесу өткізді.

 

Іс-шараға министрдің БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан және ҚР БҒМ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев, сондай-ақ салалық ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері мен олардың жоғары оқу орындарындағы әріптестері қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дан Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің қызметкері Рима Жанбаева қатысты.

 

Кездесу барысында сайттардың, әлеуметтік желілер мен БАҚ бағытындағы университеттердің жұмысы, студенттерді университеттердің қызметі туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және тиімді кері байланыс құру мәселелері талқыланды. Қоғамға, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынылатын ақпараттың форматы, дұрыстығы мен тиімділігі қарастырылды. Әлеуметтік желілерді дамыту, сайт жұмысын жақсарту және жарияланатын ақпараттарды басқару, есептілік ережелер бойынша нақты ұсыныстар берілді.

 

Атап айтқанда, оқу орындарының брендін ілгерілету үшін SEO және әлеуметтік желілерді дамыту бойынша вебинарлар ұйымдастыру туралы ұсыныс айтылды. Онлайн кездесу өте тиімді өтті. Оның қатысушылары көптеген пайдалы идеялармен алмасты.