қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.05.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры талапкерлермен кездесті

 

2020 жылдың 28 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Такир Балықбаевтың талапкерлермен онлайн-кездесуі өтті.

 

Кездесу барысында оның қатысушылары гранттар, ҰБТ өткізу ережелері және біздің университетке түсуге қатысты басқа да сұрақтарға толық жауап алды.


Сондай-ақ, талапкерлер университеттің білім беру бағдарламалары, қабылдау ережелері мен жеңілдіктері туралы келесі сілтемелер бойынша біле алады: http://kaznpu.kz/ru/2150/page/http://dis.kaznpu.kz/. Қосымша ақпарат алу үшін Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлына (Байланыс мәліметтері: 291-57-68, nurmahan_67@mail.ru) хабарласуға болады.