қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.06.2020

 

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

 

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке - бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы өкілдердің еңбегін атап өтуге керемет мүмкіндік.

 

Біздің республикамызда бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның саяси, әлеуметтік және мәдени өмірін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Отандық БАҚ әлемге еліміздегі оқиғалар туралы, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат таратумен қатар, мемлекет пен қоғамды байланыстыратын алтын көпір қызметін де атқарады, мемлекеттілігімізді нығайту бағытында жұмыс жасайды. Сіздердің еңбектеріңіз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын қалыптастыру жолында ерекше маңызға ие. Сіздердің кәсіби дағдыларыңыз бен білімдеріңіз Қазақстанның әлемдегі алдыңғы қатарлы және дамыған мемлекеттердің қатарына кіруіне ықпал болады. Біз мұны жақсы білеміз және бағалаймыз.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, сіздердің еңбектеріңіз бен жоғары кәсібиліктеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Сіздердің біліктіліктеріңіз бен белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз әрі қарай да жаңа кәсіби шыңдарға жетуге ықпал ететініне сенімдімін. Сіздерге шын жүректен амандық және шығармашылық табыс тілеймін!

 

Құрметпен,

ректор Такир Балықбаев