қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.07.2020

 

 

Құрметті оқытушылар және білім алушылар!

 

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Жаратқан иеміз баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, шуақты күндер нәсіп етсін! Әр күн отбасыларымызға қуаныш пен бақыт, береке мен молшылық әкелсін! Қасиетті мереке күні жасайтын барша сауапты амалдарыңыз, қайырымдылық істеріңіз қабыл болып, шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын!


Құрбан айт қоғамның бірлігі мен бауырластығын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Елімізде карантиннің енгізілуіне байланысты биыл қасиетті мерекені өткізу ережелері өзгерді: халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, алғаш рет Құрбан айт қарсаңында қашықтан құрбандық шалу жобасы іске қосылды. Осы мақсатта qurban2020.kz сайты ашылып, онда құрбандық шалуға онлайн тапсырыс беру мүмкіндігі берілді.


Отбасымыз бен жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін мен сіздерді осы мерекені отбасыңызбен бірге атап өтуге шақырамын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін! Айт қабыл болсын!

 

 

Құрметпен, ректор Такир Балықбаев