қазақша · русский · english
 
 
 

 

Педагогика және психология кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметі университеттің іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын ғылыми жобаларды, университетішілік жобаларды жүзеге асыру;

- монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, мақалалар жазу;

- ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар жасау;

- Scopus және Web of Science дерекқорларына енгізілген жетекші ғылыми журналдарда және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда ғылыми жарияланымдарды дайындау;

- түрлі теориялық, эксперименттік зерттеулер мен ғылыми іс-шараларды жүргізу;

- кафедрада жұмыс істейтін «Жас ғалым» ғылыми үйірмесі аясында студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру;

- кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;

- еліміздің, жақын және алыс шетелдердің жетекші ғалымдарымен, университеттерімен және ғылыми мекемелерімен шығармашылық байланыс орнату.

 

Қазіргі уақытта кафедрада Ұлыбританияның үздік университеттерінде білім алған, Америка, Германия сияқты елдерде ғылыми тағылымдамадан өткен халықаралық «Болашақ» грантының иегерлері, сондай-ақ ғылым саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарының иегерлері қызмет етеді. Технология және білім беру, ғылыми-педагогикалық қызметте шетелде тәжірибесі бар профессорлар -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегерлері және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Үздік ЖОО оқытушысы» университетішілік байқауының жеңімпаздары қызмет етеді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының арасында Педагогикалық білімнің халықаралық ғылым академиясының академигі -1; Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі-1; ҚР - 1 салыстырмалы педагогика кеңесінің мүшесі бар.

 

Педагогика және психология кафедрасының жоғары рейтингінің көрсеткіші оның жетекші профессорларының ғылыми кеңестер жұмысына қатысуы болып табылады.

 

2023 жылғы маңызды оқиға студенттердің білім беру ортасын өлшеу және бағалау бойынша ғылыми-зерттеу зертханасының ашылуы болды (№1 корпус, 510 ауд.). Ол күндізгі, қашықтықтан оқыту, қашықтан, гибридті (офлайн + онлайн) оқыту форматтарында білім беру ортасын өлшеу құралдарын әзірлеуде.

 

 

 

Ғылыми-зерттеу жұмысының жылдық есебі -2023 жыл