қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.10.2020

Өкілді ғылыми форум түрлі елдердің ғалымдарын жинады

 

Қазақстанның көптілді білім беру жағдайындағы болашақ пән мұғалімдерін тілдік даярлаудың құзыреттілік-коммуникативтік моделі ғылыми жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес, ҚР БҒМ грантына (2018-2020 жж.) 2020 жылдың 2 қазанында онлайн - форматта «Көптілді білім беру кеңістігіндегі болашақ пән мұғалімдерін тілдік даярлаудың құзыреттілік-коммуникативтік негіздері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

 

Конференцияны жоғарыда аталған жобаға қатысушылардан басқа, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институты, сондай-ақ Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

 

Конференцияны жоба жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Розалинда Шаханова ашты. Ол қатысушыларды ашылуымен құттықтап, жұмыс бағыттарын белгіледі.

 

Конференция қатысушыларына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмысы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Ақтолқын Құлсариева құттықтау сөз сөйледі. Ол лингвомәдениеттанудың маңыздылығын тоқталып, конференция қатысушыларына жемісті жұмыс тіледі.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Әбішева өзекті ғылыми-әдістемелік мәселелермен қатар, Абай шығармашылығының тақырыбы мен оның рухани мұрасы оқушы жастарды тәрбиелеуде маңызды екенін атап өтті.

 

Сондай-ақ онлайн-конференцияда Қазақстан, Молдова, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина ғалымдары баяндама жасады. Конференция баяндамашыларының теориялық талдаудың сөзсіз тереңдігімен және қарастырылатын мәселелердің жоғары практикалық өзектілігімен ерекшеленді.

 

Осы іс-шараға 130-дан астам өтінім алынды, оның ішінде конкурстық іріктеу мен рецензиялаудан өтіп, Ұйымдастыру комитетімен 113 баяндама бекітілді. Конференция материалдарының дайындалған жинағы форумға қатысушылардың кең географиясын көрсетеді: олар 13 елі мен Қазақстанның 13 өңірінен тұрады.

 

Онлайн-конференцияға қатысушылар елдердің ғылыми қоғамдастықтары арасында диалог орнатуға ықпал ететін өткізілген ғылыми форумның маңыздылығын, онда көтерілген ғылыми-әдістемелік проблемалардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, Конференцияның Ұйымдастыру комитетіне алғыс білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы