қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.10.2020

Сергей Есениннің 125 жылдығына арналған поэтикалық кеш

 

2020 жылдың 9 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, «Алматыкітап баспасы», Алматы қаласының № 165 мамандандырылған лицейі «Мен дем алып, өмір сүргеніме қуаныштымын...» тақырыбы бойынша ақын Сергей Есениннің 125 жылдығына арналған поэтикалық кешті өткізді. Конференция модераторы «Алматыкітап баспасы» баспасының бас редакторы Марина Асылбекова болды.


Жиынға қатысушыларды Алматыдағы Ресей Бас консулдығының бас маман-сарапшысы Ольга Вячеславовна Мощеева құттықтады.


Кешке қатысушылар С.А. Есениннің Мәскеу мемлекеттік мұражайындағы ғылыми-ағарту бөлімінің әдіскері Лейла Борисовна Макитованың әңгімесін үлкен ықыласпен тыңдады. Оның әңгімесінің ерекше қызығушылық тудырған әсері тыңдаушыларды мұражай залдарына апарып, ақын тағдырының қиын жолын - өмірбаяндық және шығармашылық кезеңдермен елестетуге көмектесті.


Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева қазақстандық мектептердің 11-сыныбына арналған жаңа орыс әдебиеті оқулығында С.Есениннің шығармашылығын зерделеуге деген көзқарас туралы айтып берді. Оқулықтың электронды нұсқасының есениндік парақтары көрсетілді.


Кездесуді ақынның сүйікті өлеңдерін жас оқушылар мен студенттер мәнерлеп оқып, ақындық өнерін паш етті. С. Есениннің Мәскеу мұражайындағы ғылыми-ағарту бөлімінің бастығы Алла Леонидовна Сергеева кештің жас қатысушыларына ыстық ризашылығын білдіріп, олар оны Есениннің лирикасын терең түсіну және тыңдаушыларға ақынның поэтикалық сөзінің сұлулығын жеткізе білу қасиеттерін меңгергенімен таң қалдырды.


Кешке қатысушылар әдеби қонақ бөлмесінде онлайн кездесулерді жалғастырып тұруға келісті.

 

   

 

   

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы