қазақша · русский · english
 
 
 
 Рабилова Зоя Жилгилдыновна
Кафедра меңгерушісі
Қауымдастырылған профессор, PhD доктор
Достық даңғылы, 13
 +7(701)-345-03-37
zoya.rabilova@mail.ru

 

1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультеті кәсіби суретшілер мен «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы оқытушыларының шығармашылық орталығы болды.

 

Көркем білім кафедрасы - Өнер, мәдениет және спорт институтының ең көне кафедраларының бірі (бұрынғы Көркемсурет факультеті). Көркемсурет факультеті жаңа мамандықтардың ашылуына байланысты 2013/2014 оқу жылынан бастап «Өнер, мәдениет және спорт» институты болып өзгертілді.

 

Кафедра 1969 жылдан бері әртүрлі атаулармен жұмыс істеп, белсенді дамып келеді. Кафедраның негізгі мақсаты-бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау саласында мектеп және қосымша білім беру жүйесі үшін жоғары кәсіби педагогтарды даярлау. Сонымен қатар, кафедрада өнер саласында мамандар даярланады: кескіндеме және графика.

 

«Көркем білім» кафедрасында кәсіби іс-әрекетке қажетті білімді игерумен қатар, білім алушылардың білімін жетілдіру, ақпараттық ресурстарды пайдалану, әлеуметтік өзара әрекеттестікке дайын болу, коммуникативтік құзыреттілікті игеру секілді негізгі біліктіліктерді қалыптастыру көзделеді.

 

Көркем білім кафедрасы өнер саласындағы ЖОО-на, колледждерге, лецейлерге, арнайы өнер мектептері мен жалпы орта білім беретін мектептер үшін оқытушы - мұғалімдер даярлау бағытында қызмет жасауды жалғастыруда.

 

«Көркем білім» кафедрасы келесі кәсіби-шығармашыл бакалавр, магистр, доктор мамандарын даярлайды:

 

 

Білім бағдарламасы

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Квалификациясы

БАКАЛАВР

1

6В01416 - Көркем білім, графика және жобалау

6B01 Педагогикалық ғылымдар

6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Білім бакалавры

2

6В01421 - Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері

3

6В01405-Кәсіптік оқыту (Тоқыма және сән дизайны

6В020 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)

4

6В02113-Бейнелеу өнер (кескіндеме)

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6B021 Өнер

В030 Бейнелеу өнері

Өнер бакалавры

5

6В02114-Бейнелеу өнер (графика)

МАГИСТРАТУРА

1

7М01416 - Көркем білім, графика және жобалау

7М01 Педагогикалық ғылымдар

7М014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

М007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Педагогика ғылымдарының магистрі/ білім магистрі

2

7М01421 - Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері

3

7М01405-Кәсіптік оқыту

7В020 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)

4

7М02113-Бейнелеу өнер (кескіндеме)

7М02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

7М021 Өнер

М033 Бейнелеу өнері

Өнертану ғылымдарының магистрі/ өнер магистрі

ДОКТОРАНТУРА

1

8D01416 - Көркем білім, графика және жобалау

8D01 Педагогикалық ғылымдар

8D014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

D007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Философия докторы (PhD) /білім докторы

 

«Көркем білім» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 27 білікті  мамандардан құралады:

 

Ғылыми потенциалы - 42%

Ф.ғ.д., профессор - 1

Ф.ғ.к., қауымд.профессор (доцент) м.а. - 1

П.ғ.к.,қауымд.профессор (доцент) м.а.  - 1

П.ғ.к., доцент - 2

П.ғ.к., аға оқытушы - 1

PhD, қауымд.профессор (доцент) м.а. - 2

PhD, аға оқытушы - 1

Универ. профессоры - 2

Универ. доценті - 3

Аға оқытушы - 4

Магистр, аға оқытушы - 3

ҚР Суретшілер одағының мүшесі - 12

ҚР «Мәдениет қайраткері» - 3

ҚР «Дарын» сыйлығының иегері - 1