қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.10.2020

ESPORT LIGA-ның университеттік құрамалары анықталды


Университетімізде студенттік өзін-өзі басқару қағидаларын жүзеге асыру мақсатында құрылған Студенттік ректораттың бастамасымен, пандемиялық карантин кезеңінде студенттер арасында қажеттіліктерді анықтай келе, 12-20-қазан аралығында дәстүрлі Abai University Cup аясында күзгі «ESPORT LIGA» киберспорт сайысының онлайн іріктеу турнирі өтті.


Аталған турнирдің мақсаты 14 қарашада Қазақстан киберспорт Федерациясы өткізетін Студенттік лигасына университет құрамасын іріктеу болатын.


Ал Федерация ұйымдастыратын жарыстың жеңімпаздары - 1 млн теңгеге ие болады. Студенттік лигаға былтырдан бері еліміздің барлық ұлттық университеттері мен жекеменшік ЖОО-ры қатысуда.


Университет құрамасы алғаш рет аталмыш республикалық жарысқа үш түрлі ойын түрімен - CSGO, PUBG, STARCRAFT қатысуға онлайн тапсырыспен қатысады.


Сонымен, университет ішілік іріктеу сайыстарының қорытындысы бойынша:
І орын CSGO ойынында WARRIORZZ тобы, жетекшісі - Қажыкенов Жеңіс, ӨМСИ, 1 курс студенті;
І орын PUBG ойынында tengriKazNPU тобы, жетекшісі - Арман Жайлыбай, МФИИ, 4 курс студенті;
І орын STARCRAFT ойынында Abai University тобы, жетекшісі - Жақыбай Бекарыс, МФИИ, 3 курс студенті иеленді.

Ал ойындар бойынша үздік деңгейлерді көрсеткендер:
Үздік ойыншы - STARCRAFT ойыны - Абдықали Бақдәулет, МФИИ, 2 курс
Үздік ойыншы - CS GO ойыны - Тохташ Жавохир, МФИИ, 2 курс
Үздік ойыншы - PUBG - Алтай Қадырберген, МФИИ, 2 курс
Үздік төреші - Төрегелдиев Қуаныш Серікұлы, МФИИ, 4 курс
Үздік админ - Туашов Арман, ӨМСИ, 2-курс иеленді.

Университеттік турнирдің нәтижесінде - 14 қарашада Қазақстан киберспорт Федерациясы өткізетін Студенттік лигасына университет құрамасы келесідей тізімде жасақталды:
PUBG ойыны бойынша - tengriKazNPU тобы:
Жолдасбек Мейірбек, МФИИ, 4 курс
Байсал Аршын, МФИИ, 4 курс
Кадырберген Алтай, МФИИ, 2 курс
Жайлыбай Арман, ӨМСИ, 3 курс
Starcraft ойыны бойынша - Abai University тобы:
Жақыбай Бекарыс, МФИИ, 3 курс
CSGO ойыны бойынша - WARRIORZZ тобы:
Сейтенов Ақжол, ТҚИ, 1 курс
Гулиев Агасан, МФИИ, 1 курс
Дилдахан Ернар, МФИИ, 1 курс
Абилакимов Аксултан, МФИИ, 1 курс
Қажыкенов Жеңіс, ӨМСИ, 2 курс студенті.


Барлық университеттік ESPORT LIGA жарысының жеңімпаздары мен үздіктері Ректордың арнайы сыйлықтарына ие болды.


Қазақстан киберспорт Федерациясының Студенттік лигасына баратын университет құрамаларының іс-қимылдарының бағдарлауы жоба ұсынушы Студенттік ректораттың қадағалауында болады. Студенттік құрама жетістіктері барысын Студенттік ректораттың инстаграмдағы арнайы - welcome_to_abai_university парақшасынан хабарланып отырады.

 

   

 

   

 

   

 

Студенттік ректорат