қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.10.2020

«Мен елімді, туымды мақтан етемін» ашық тәрбие сағаты


2020 жылдың 26 қазанында Жаратылыстану және география институтының География, экология және туризм кафедрасының 2 курс 6В01515-География мамандығының студенттері онлайн түрде топ эдвайзері, әрі топтың тәрбие жетекшісі Гаухар Әбдіхалыққызының Абдикаримова ұйымдастыруымен «Мен елімді, туымды мақтан етемін» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Студенттер тәрбие сағатында өнері мен білімдерін ортаға салу мақсатында ән салып, өлең оқып, кахут ойынын ойнатып, студенттерді белсенді қатыстыра білді. Викториналық сұрақтарға жауап беріп, жоғары деңгейде білімдерін көрсетті. Топтың белсенді студенттері Өркен Алдабергенов, Аружан Жұматай, Серғали Тышабаев, Аружан Ақсерік өз өнерлерін ортаға салды. Ашық сабаққа Институттың тәрбие ісіне жауапты Нұрлан Манапов, География, экология және туризм кафедрасының меңгерушісі Думан Алиасқаров, кафедра доценті Қастер Сарқытқан қатынасып, студенттермен өз ойларымен бөлісті. Студенттерге өмірлік танымдық мәселелерді қозғай отырып жақсы бағыт-бағдар берді.

 

   

 

Жаратылыстану және география институты