қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.11.2020

Волейболдан университетішілік жарыс өтті

 

Университетіміздің 2020-2021 оқу жылына арналған кешенді жоспарына сәйкес 2020 жылдың 7 қарашасы күні профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында М. Әуезов атындағы спорт кешенінде волейболдан университетішілік жарыс өтті.

 

Спорттық жарысты тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашып, командаларға сәттілік тіледі. Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мухиддинов қатысушыларды жарыс Ережесімен таныстырды. Спорттық шараға әрбір институттан 6 мүшеден жасақталған команда құрамы қатысып, бақ сынасты.

 

Командалық есепте жарыс қорытындысы бойынша жалпы нәтижелер бойынша I орынды Өнер, мәдениет және спорт институты жеңіп алса, II орынға Педагогика және психология институты, III орынға Филология және көптілді білім беру институты орналасты.

 

Турнир барысында үздік ойыны және техникалық шеберлігімен көзге түскен «Жаратылыстану және география» институтының оқытушысы  Думан Алиаскаров «Үздік ойыншы»  атанды.

 

Әрбір командалық жарыстарда дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылар құрамы төрешілік жасайды.

 

Шара барысында медицина қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылып, пандемиялық  жағдайға байланысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық жағдай сақталда.

 

Алдағы уақытта командалық спорт түрінен жарыстар әр аптаның сенбі күндері жалғасын табады.

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент