қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.11.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда


2020 жылдың 11 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Вакур Сумермен кездесті.

 

Кездесу барысында Вакур Сумер өз институтының қызметімен және төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жарық көретін ғылыми журналдармен таныстырды. Сондай-ақ, институтпен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде Абай университетінің жас ғалымдарының жарияланымдарын шығару мәселелері талқыланды.


Ректор Такир Балықбаев Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Н.Келімбетов атындағы «Түркітану» орталығымен ынтымақтастықты нығайтуды, университет ғалымдарының, оның ішінде жастардың ғылыми мақалаларын жариялау мүмкіндігін айтты. Оқу орнының ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтіп, қонақтарға алғысын білдірді. Оларға ынтымақтастық байланыстарды нығайтудың   белгісі ретінде университеттің кітаптарын сыйға тартты.


Өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының өкілдері стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариевамен және ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Саябек Сахиевпен кездесті.

 

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім