қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.11.2020

Абайдың 175 жылдығына арналған кітапхана түні


2020 жылы 11 қараша күні Ғылыми кітапхана онлайн форматта Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Желсіз түнде жарық ай...» кітапхана түнін өткізді. Шараға ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректор Саябек Сахиев, «Хакім Абай» ғылыми зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет, жастар ісі жөніндегі ректор кеңесшісі Мақсат Жақау, «Жас ғалым» клубының төрағасы Нұрболат Жексенбай, ғылыми кітапхана директоры Нүргүл Имансыдықова, университет студенттері қатысты.

Ғылыми кітапхана директоры Нүргүл Имансыдықова «Абай мұрасы-ұлтымыздың рухани мұрасы» тақырыбында баяндама жасады. Қатысушыларға Абай шығармаларының виртуалды көрмесі ұсынылды. Студенттеріміз Хакім Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін, әндерін жарыса жатқа айтты. Іс-шараның белсенді қатысушыларына түрлі дәрежелі дипломдар табыс етілді.