қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.11.2020

Белгілі ғалым Р.Б.Әбсаттаровқа 80 жыл

 

2020 жылдың 16 қарашасында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі ғалым, саясаттанушы, әлеуметтанушы, философ, саяси ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Раушанбек Әбсаттаровтың 80-жасқа толуына орай халықаралық дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстелді Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Такир Балықбаев өзінің құттықтау алғысөзімен ашты. Ұлағатты ғалымның өмір жолы мен ғылым саласына сіңірген еңбектері мен жетістіктері жөнінде көптеген шетелдік және отандық ғалымдар бас қоса отырып ой-пікірлерімен бөлісті. Атап айтар болсақ, ҚР ҰҒА академигі Аманжол Қошанов, профессор Рау И.А. (Германия), Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің профессоры Харьковщенко Е.А., Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті Алияров Е.Қ., Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің профессоры Найля Сейсен және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Құсайынов Д.Ө.

 

Т.Шевченко атындағы Киев университетінің философия факультетінің құрметті профессоры атағын арқалай келген Е.А.Харьковщенко ұстазды тек ұстаз ғана тәрбиелей алатыны жөнінде мәнді мағлұматтарымен бөлісті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы