қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.11.2020

Менің мамандығым-педагог

 

2020 жылы 16-17 қараша күндері Педегогика және психология институты бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы жыл сайын «Менің мамандығым - педагог» тақырыбында халықаралық эссе байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты - студенттердің кәсіби қабілеттері мен дайындық сапасын анықтау, олардың дарындылығын, кәсіби-педагогикалық және шығармашылық әлеуетін ашуға, өз қабілетін шыңдауына жағдай жасау. Байқауға 1 курс студенттері қатысады, олар эсседе қарастырылып отырған тақырыпқа жеке көзқарасын білдіруі, өз көзқарасын дәлелді және толық баяндауы, өз бетінше жұмыс жасауды және шығармашылығын көрсетуі қажет болады.

 

Биылғы жылы байқауға Абай атындағы ҚазҰПУ, Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Слупскідегі Поморск академиясы, Қазан Федералды университеті, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті студенттері қатысты. Байқауға барлығы 43 эссе жолданды.

 

Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған қазылар алқасы үздіктер қатарынан В.Баллер, Е. Зенько, Е. Кулакова, В.Тютюрай эсселерін атап, байқаудың барлық жүлдегерлерін анықтады.

 

1 орын - Хаммадова Альбина (Қазан федералды университеті), Кулакова Елена,Тоқтасын Ыдырыс (ҚазҰПУ), Зенько Екатерина (Я.Купала атындағы Гродненск мемлекеттік университеті).

 

2 орын- Абай атындағы ҚазҰПУ студенті: Сейтсұлтан Жанерке, Ауезхан Асем; Я.Купала атындағы Гродненск мемлекеттік университетінің студенттері: Денисик Лариса, Стреха Владислав; МГПУ студенттері :Евсеева Дарья, Мужичкова Виктория; ПМПУ студенттері: Пушкарева Любовь, Носкова Ксения; ҚФУ студенттері:Баллер Виктория, Ибетова Илюза.

 

3 орын - Абай атындағы ҚазҰПУ студенті: Бутина Юлия, Мирзахметова Азиза ,Әміржан Алина, Даулет Аққайын; МГПУ студенті :Горбаковская София; ПГМПУ студенттері:Толкушенкова Анастасия, Ильиных Виктория, Майбурова Ирина; ҚФУ студенттері:Газимзянова Гульчачак, Иванова Евгения, Колокольцева Алина, Ли Яна; Слупс қаласындағы Поморск академиясының студенті:Serhiichuk Viktoriia, Тютюрай Виктория.

 

Жүлделі орын алмаған студенттерге сертификаттар табысталды.

 

   

 

   

 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы