қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.11.2020

Ғылыми -практикалық байланыс

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институты еліміздегі үздік оқу орындарымен ғылыми тәжірибелік байланыстарын жалғастыруда. 2020 жылдың 16-қарашасында Сүлеймен Демирел атындағы университеті ректорының арнайы шақыруымен С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту институтының орфографиялық жұмыс тобының мүшесі Қаламқас Қалыбаевамен кездесу өткізді. Кездесу барысында ғалымның елімізді латын әліпбиіне көшіруге байланысты «Қазақ жазуының келешегі» тақырыбындағы дәрісі тыңдалып, қызу талқыға түсті. Кездесуге осы университеттің бір топ ғалымдары мен ізденуші докторанттар мен студенттер қатысты. Кездесу соңында факультет басшылығы тарапынан ризашылықтар айтылып, Қаламқас Қалыбаеваны алғыс хатпен марапаттады.

 

   

 

   

 

Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы