қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.06.2018

Хабарландыру

 

2018 жылдың 8 маусым күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Тәуелсіз Қазақстанның шетел Шығыс елдеріндегі бейнесі: үдерістер бүгіні мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

 

Конференцияның мақсаты - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жүзеге асырылған, «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақ мәдениеті» жобасына сәйкес шетел Шығыс елдерінде Қазақстанның қазіргі заманға сай қайта түрленуін айқындау перспективалары мен жағдайын анықтау.

 

Конференция жұмысына белгілі шығыстанушы ғалымдар, филологтар, мәдениеттанушылар, саясаттанушылар, тарихшылар, Қазақстан мен алыс және жақын шетел мемлекеттерінің қоғамдық ұйым өкілдері қатысады.


Конференцияның өткізілетін уақыты мен орны: 8 маусым 2018 ж., сағат 10:00; Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, Абай атындағы ҚазҰПУ, мәжіліс залы, 2- қабат.

 

Ұйымдастырушы: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығыс тілдері және аударма кафедрасы, (тел. 2910246)